Реклама
Реклама

Қазақстанның үздік теннисшісі Australian Open-нің жартылай финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:07

Жұптық сында өнер көрсететін еліміздің бірінші ракеткасы Анна Данилина ширек финалда жеңіске жетті. Қорытынды есеп үш партия нәтижесінде шешілді.

Анна Данилина. Фото: WTA

Жұптық разрядтағы Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина Австралияның ашық чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші сербиялық спортшы Александра Круничпен бірге турнирдің алғашқы нөмірлі сеяндылары — чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті сенсациялық түрде жеңді. Кездесу үш партияға созылып, 6:2, 3:6, 6:0 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 40 минутқа жалғасты.

Жартылай финалда қарсыластары кім?

Осылайша, Данилина мен Крунич жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Бұл кезеңде олардың қарсыластары Шувэй Се (Тайвань)/Елена Остапенко (Латвия) — Габриэла Дабровски (Канада)/Луиза Стефани (Бразилия) жұбы арасындағы матчтың жеңімпаздары болады.

Еске салайық, бұған дейін әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын қорғап жүрген Елена Рыбакина польшалық Ига Швентекті 7:5, 6:1 есебімен жеңіп, Australian Open–2026 турнирінің финалына шығу мүмкіндігіне ие болған еді.

Реклама
Реклама