Қазақстандық теннисші, әлемнің №5 ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open 2026 турнирінің финалына жолдама алды. Ол жартылай финалда АҚШ өкілі Джессика Пегуланы екі сетте жеңді — 6:3, 7:6 (9:7).
Кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды. Екінші сет аса тартысты өрбіді: Рыбакина есеп 5:3 болған сәтте қарсыласының берілісінде бірнеше рет матчбол мүмкіндігін пайдаланбай қалса да, тай-брейкте мінез көрсетіп, ойын тағдырын өз пайдасына шешті.
Қысқаша статистика
Финалда Еленаны әлемнің №1 теннисшісі, Беларусь өкілі Арина Соболенко күтіп тұр. Соболенко өз жартылай финалында украиналық Элина Свитолинаны сенімді түрде ұтты — 6:2, 6:3.