Қазақстандық теннисші, WTA рейтингіндегі әлемнің №5 ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open 2026 турнирінің финалына шықты. Осы нәтижесінің өзі оған қомақты сыйақы әкеледі.
Ресми жүлде қорының бөлінісіне сай, финалист (яғни, екінші орын) атанған теннисші 2 150 000 австралиялық доллар алады. Бұл сома Рыбакинаға финалға шыққан сәттен бастап кепілдендірілген табыс ретінде жазылады.
Аталған 2 150 000 AUD қазіргі бағаммен шамамен 763 929 110 теңге.
Егер Елена Рыбакина Australian Open-2026 чемпионы атанса, жеңімпазға қарастырылған сыйақы — 4 150 000 австралиялық доллар.
Бұл сома шамамен 1 470 815 911 теңге.
Шешуші матч 31 қаңтарда өтеді. Рыбакина финалда Беларусь өкілі, әлемнің №1 ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі.
Айта кетейік, жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегуланы екі сетте ұтқан еді — 6:3, 7:6 (9:7).