Анна Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен жұптасып, Australian Open-2026 финалына жеткен еді.
Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сында ең үздік теннисшісі Анна Данилина Australian Open-2026 турнирінен кейін WTA рейтингіндегі орнын жақсартты.
Өткен аптада Анна Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен жұптасып, Австралияның ашық чемпионатының финалына дейін жетті. Алайда шешуші ойында олар бельгиялық Элизе Мертенс пен қытайлық Чжан Шуайдан тұратын дуэтке жол берді.
Australian Open-2026 қорытындысы бойынша Анна Данилина үш сатыға жоғарылап, 14-орынға көтерілді. Айта кетейік, қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең жоғары көрсеткіші — сегізінші орын. Ал Александра Крунич финалдан кейін төрт орынға көтеріліп, 13-сатыға жайғасты.
Данилина мен Круничті финалда жеңген Элизе Мертенс жұптық WTA рейтингінде жаңа көшбасшы атанды. Бұған дейін ол алтыншы орында болған. Ал Чжан Шуай бірден жеті сатыға көтеріліп, 15-орыннан сегізінші орынға шықты.
Қазіргі таңда WTA жұптық рейтингінде:
Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева да өз позициясын жақсартты. Ол алты сатыға көтеріліп, рейтингте 102-орынға орналасты. Ал Елена Рыбакина Арина Соболенконы басып озып, әлемдік теннистің жаңа көшбасшысы атанды.