Елена Рыбакина әлемдік теннистің көшін бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Оған отандасымыздың Australian Open-2026 турниріндегі жеңісі себепкер болды. 

Елена Рыбакина әлемдік теннистің көшін бастады
sportilinet.kz

Елена Рыбакина Арина Соболенконы басып озып, әлемдік теннистің жаңа көшбасшысы атанды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін WTA чемпиондық жарысының жаңа көшбасшысы атанды.

WTA чемпиондық жарысының жаңартылған нұсқасында Елена Рыбакина бірден 32 сатыға көтеріліп, 2108 ұпаймен бірінші орынға шықты. Бұл — оның биылғы маусымдағы ең жоғары көрсеткіші.

Екінші орынға бұрын төртінші сатыда тұрған Арина Соболенко көтерілді. Беларусь теннисшісінің еншісінде 1800 ұпай бар.

Үздік үштікті украиналық Элина Свитолина түйіндеп тұр. Ол тоғыз орынға жоғарылап, 1030 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Қазақстандықтар рейтингі

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева да өз позициясын жақсартты. Ол төрт сатыға көтеріліп, чемпиондық жарыста 15-орынға орналасты. Путинцеваның еншісінде 424 ұпай бар.

Финалдағы шешуші жеңіс

Еске салайық, Australian Open-2026 финалында Елена Рыбакина Арина Соболенконы үш сетте жеңді — 6:4, 4:6, 6:4. Бұл жеңіс қазақстандық теннисшінің маусымдағы басты табысы болып отыр.

Ал Юлия Путинцева маусымдағы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирінде 1/8 финалға дейін жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір