Жалғас Жұмағұлов кезекті чемпиондық белбеуге көз тігіп отыр

Сарапшы, спорт журналисі

"Еуропалық UFC-дің" аса жеңіл салмақтағы чемпионы Жалғас Жұмағұлов болашаққа деген жоспарымен бөлісті.

Жалғас Жұмағұлов кезекті чемпиондық белбеуге көз тігіп отыр
Жалғас Жұмағұлов. Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмагұлов кәсіби мансабындағы келесі мақсаттарын ашық мәлімдеді.

Аса жеңіл салмақтың қазіргі чемпионы тағы бір дивизионда белбеу жеңіп алып, қос салмақтың чемпионы атануды көздеп отыр. Сондай-ақ ол жеңісті сериясын жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Әлеуметтік желіде спортшы қазіргі титулын үлкен жолдағы бір ғана кезең ретінде қабылдайтынын, ал мақсат-мұраты бұдан әлдеқайда ауқымды екенін аңғартты.

"Қазір мен аса жеңіл салмақтағы чемпионмын. Алдағы уақытта қос чемпион боламын, иншаАллах. Барлығын өзіме аламын", – деп жазды Жұмагұлов.

Еске салайық, желтоқсан айында 37 жастағы қазақстандық файтер чемпиондық белбеуін сәтті қорғап, чехиялық Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осы жекпе-жектен кейін Жұмагұлов жаңа салмақ дәрежесіне — жеңіл дивизионға көтерілуге дайын екенін және келесі белбеу үшін күрескісі келетінін мәлімдеді.

Қазіргі таңда Жалғас Жұмагұлов кәсіби ММА-де қатарынан бес жеңіске қол жеткізді. Оның соңғы жеңілісі UFC-дің қазіргі чемпионы Джошуа Ванға қарсы өткен кездесуде тіркелген, бұл қазақстандық спортшының қарсыластарының деңгейі мен қазіргі бабын айқын көрсетеді.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір