Алекс Волкановски чемпиондық жекпе-жекте қарсыласын ойсырата жеңді (ВИДЕО)
UFC 325 Австралияның Сидней қаласында өтті. Кештің басты жекпе-жегінде Александр Волкановски мен Диего Лопес кездесті.
Австралиялық файтер Алекс Волкановски (27-4) Қазақстан уақытымен бүгін таңертең UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы атағын қорғады. Ол бразилиялық Диего Лопеспен (27-7) реванш жекпе-жек өткізді.
Аталған кездесу Сидней қаласындағы Qudos Bank Arena кешенінде өткен UFC 325 турнирінің басты оқиғасы болды және бес раундқа жоспарланған еді. Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (49-46, 49-46, 50-45) Волкановскидің жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Алекс ММА-дегі 28-жеңісіне қол жеткізсе, Диего Лопес кәсіби мансабындағы сегізінші жеңілісін тіркеді.
Еске салайық, Волкановски мен Лопес арасындағы алғашқы жекпе-жек өткен жылдың сәуір айында өтіп, австралиялық файтер бос тұрған чемпиондық белбеу үшін өткен кездесуде де төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.