Болашағы бұлыңғыр ма? Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Спортшы тағы бір операция жасатты. Оның енді октагонға қашан оралатыны белгісіз. 

Болашағы бұлыңғыр ма? Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады
fighttime.ru

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық топ файтер Шавкат Рахмонов денсаулығына байланысты маңызды мәлімдеме жасады. Спортшы тағы бір операция жасатқанын және осыған байланысты UFC октагонына қайта оралуы белгісіз мерзімге кейінге шегерілгенін ресми түрде растады.

Шавкат Рахмоновтың мәлімдемесі

"Номад" лақап атымен танымал файтер бұл ақпаратты X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Ол кәсіби спорт жолының ауыр сынақтарға толы екенін ашық мойындады.

"Жауынгердің жолы ешқашан жеңіл болмайды. Өмір бізге еңсере алмайтын сынақ бермейді. Әрбір арманның өз бағасы бар, кейде ол баға — денсаулық. Бүгін мен шындықты айтуым керек: үздіксіз жарақаттарға байланысты тағы бір операция жасауға тура келді, енді толық қалпына келу үшін уақыт қажет. Осыған байланысты менің октагонға оралуым кейінге шегерілді. Мұны қабылдау оңай емес, бірақ мен әрбір артқа қадам — үлкен жоспардың бір бөлігі екеніне сенемін. Мен бұрынғыдан да мықты, ақылды әрі ашулы болып ораламын. Мақсатым әлі тірі. UFC белбеуі бәрібір Қазақстанға келуі керек. Қандай жағдай болса да менімен бірге қалған жандарға алғыс айтамын. Бұл жолдың соңы емес, бұл — оның маңызды бір тарауы", — деп жазды Рахмонов.

Фото: Скриншот

Жарақат пен қалпына келу мерзімі

Бұған дейін спортшының командасы Шавкат Рахмоновтың тізесіне кезекті операция жасалғанын хабарлаған еді. Алдын ала болжам бойынша, ол 9–10 айға дейін жекпе-жек өткізбей қалуы мүмкін.

Бұл ақпарат жуырда Алматыда өткен Naiza 80 турнирінде Рахмоновтың балдақпен жүрген сәтінен кейін де расталды.

UFC-дегі қазіргі жағдайы

Ұзақ үзіліске қарамастан, Шавкат Рахмонов UFC-дегі ең қауіпті әрі болашағы зор файтерлердің бірі болып қала береді. Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді.

2025 және 2026 жылдардағы мәжбүрлі үзіліске қарамастан, қазақстандық файтер:

  • рейтингтегі жоғары орнын сақтап отыр,
  • UFC басшылығы мен сарапшылардың назарында,
  • және көп миллионды жанкүйерлер қолдауына ие.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір