Реклама
Реклама

Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалды

Сарапшы, спорт журналисі
02.03.2026, 14:38

Қазіргі таңда қазақстандық теннисші АҚШ-та өтетін турнирге дайындық үстінде.

Елена Рыбакина. Фото: WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында бірінші орнын сақтап қалды.

Рыбакинаның еншісінде 2443 ұпай бар. Ол ең жақын қарсыластары – америкалық Джессика Пегуладан (1975 ұпай) және Беларусь өкілі Арина Соболенкодан (1800 ұпай) алда келеді.

Еленаның соңғы жарысы жайлы

Еске салайық, Елена Рыбакинаның соңғы қатысқан турнирі – Дубайда (БАӘ) өткен "мыңдық" санатындағы жарыс болды. Онда ол денсаулығына байланысты хорватиялық теннисші Антония Ружичке қарсы матч кезінде кездесуді тоқтатып, 1/8 финал кезеңінде жарыс жолынан шыққан еді.

Рыбакина қатысатын келесі турнир – АҚШ-та өтетін Индиан-Уэллс қаласындағы "Мастерс" жарысы.

Реклама
Реклама