Реклама
Реклама

Елена Рыбакина фаворит атанды

Сарапшы, спорт журналисі
05.03.2026, 09:23

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирі  Индиан-Уэллс кезеңінде фавориттер қатарында деп танылды. Мұны Australian Open-1994 чемпионы, ресейлік экс-теннисші Андрей Ольховский айтты.

 

NUR.KZ

Ольховскийдің сөзінше:

"Соболенко, Рыбакина, Пегула, Гауф. Өкінішке орай,  Андрееваны фавориттердің бірі деп атай алмаймын, өйткені ойын көрсеткіші өткен жылдағыдай оптимизм тудырмайды. Аздап сенімді емеспін. Мүмкін Америкада  қайта  сенімділік сезінетін шығар", - деді Ольховский" Чемпионатқа” берген сұхбатында. 

Australian Open-2026 финалында Елена Рыбакина белорусиялық Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанды. Бұл жеңіс оны әлемдік теннис тарихындағы әйгілі спортшылар қатарына қосты.

Indian Wells 2026 наурыздың 1-15 аралығында өткізіліп, әлемдегі ең мықты теннисшілерді 96 ойыншыны біріктіреді. Рейтингтегі жоғары позициясына байланысты Рыбакина бірінші айналымды өткізіп жіберіп, екінші кезеңде Эмилиана Аранго мен Хейли Баптист сынды ойыншылармен кездеседі. Ал ширек финалда қазіргі әлем чемпионы Андреева  әлемдегі ең мықты төрт теннисшінің біріне қарсы ойнауы мүмкін. 

Сонымен қатар, 18 мәрте «Большой шлем» чемпионы атанған Мартина Навратилова WTA 1000 турнирінде басты фавориттер қатарында Рыбакинаны және Арина Соболенконы атады. Ол атап өткендей, екі спортшының да формалары ең жоғары деңгейде және Индиан-Уэллстегі жарыста басты қарсыластар болады.

“Әлі де Соболенконы басты фаворит деп қараған жөн. Оның ойынын жақсартатын қаруы бар. Егер Рыбакина толықтай қалпында болса, қазір бұл екі спортшы анық фавориттер қатарында. Менің ойымша, Арина реванш алу мақсатында ойнайды. Оны жақсы білетіндіктен, Соболенко турнир барысында Рыбакинамен кездесуді қалайды”, — деді Навратилова.

Еліміз ресми түрде әлемдік теннис державалары қатарында орнықты, инфрақұрылым дамуы мен спортшылардың жетістіктері қатар жүріп келеді. Соңғы 18 жылда Қазақстанда барлық деңгейдегі ойыншыларға арналған заманауи база құрылды. Қазіргі таңда 39 профильдік теннис орталығы, 394  хард және грунт түрінде корт бар, барлық әуесқой спортшылар шамамен 45 000.

Ұлттық теннис орталығы «Beeline Арена» күні кеше ITF «Алтын деңгей» белгісін алды. Бұл Қазақстан теннисінің инфрақұрылымы мен спортшыларды дайындау жүйесінің халықаралық стандарттарға сай екенін растайды. Әлемде мұндай бағалау алған тек жеті мемлекет бар. Статус төрт жылға беріледі және елді әлемдік теннис қауымдастығында сенімді серіктес ретінде танытады. Сәйкесінше Қазақстан ресми түрде АҚШ, Франция, Ұлыбритания сияқты теннис алпауыттарымен теңестірілді.

Реклама
Реклама