Реклама
Реклама

Елена Рыбакина Майами турниріне сәнді образбен келді

Сарапшы, спорт журналисі
18.03.2026, 18:38

Әлемдік рейтингте алдыңғы орындардың бірінде тұрған қазақстандық теннисші турнир алдында арнайы кешке қатысып, көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Instagram/@lenarybakina

Майамидегі ерекше образ

Кеш барысында Елена Рыбакина талғампаз киімімен ерекшеленді. Қазақстандық теннисші шараға күрең түсті вельвет костюммен келіп, жанкүйерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Спортшының кештен түскен суреттері әлеуметтік желілерде жарияланып, кеңінен тарала бастады.

Елена Рыбакина. ФОТО: x.com

WTA 1000 Miami Open 17-28 наурыз аралығында өтеді. Бұл дода әйелдер теннисіндегі ең маңызды турнирлердің бірі саналады.

Алғашқы қарсыласы кім болуы мүмкін?

Қазақстандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында не өзінің отандасы Юлия Путинцевамен, не Индонезия өкілі Джанис Тьенмен кездеседі.

Бұл матч жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр. Себебі Рыбакина турнирге жақсы бабында келіп отыр.

Еске салсақ, Рыбакина өткен аптада Индиан-Уэллсте өткен турнирде финалға дейін жеткен. Бірақ шешуші кездесуде Беларусь теннисшісі Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.

Реклама
Реклама