Реклама
Реклама

Рыбакина Путинцеваны жеңгені үшін қанша ақша алды?

Сарапшы, спорт журналисі
21.03.2026, 14:20

Турнирдің екінші айналымында әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина отандасы Юлия Путинцеваны (75-орын) жеңіп, келесі кезеңге өтті. Қорытынды есеп - 6:3, 6:3.

Vesti.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open турниріндегі жолын сәтті бастады. 

Турнирдің екінші айналымында әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина отандасы Юлия Путинцеваны (75-орын) жеңіп, келесі кезеңге өтті. Қорытынды есеп - 6:3, 6:3.

Бұл матч Рыбакина үшін турнирдегі алғашқы ойын болды.

Қанша табыс тапты?

Екінші айналымдағы жеңісі үшін Елена Рыбакина:

  • 61 865 АҚШ доллары көлемінде сыйақы
  • 65 рейтингтік ұпай иеленді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры

2026 жылғы Miami Open турнирінің жүлде қоры — 9 415 725 доллар.

Жарыс жеңімпазы:

  • 1 151 380 доллар табыс табады
  • 1000 рейтингтік ұпай алады

Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы — әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенко.

Реклама
Реклама