Александр Бублик үшін Монте-Карлодағы турнир оңайға соқпайды

Сарапшы, спорт журналисі
04.04.2026, 07:00

Александр Бублик ATP 1000 санатындағы Монте-Карло турнирінде сегізінші нөмірмен тіркелді.

Olympic.kz

Оның алғашқы қарсыласы француз Гаэль Монфис пен нидерландтық Таллон Грикспор арасындағы матчтың жеңімпазы болады. Бублик Монте-Карлодағы жарыста алғашқы айналымды өткізіп, бірден екінші кезеңнен бастайды.

Егер теннисші сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жетсе, онда әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькараспен кездесуі мүмкін. 22 жастағы испаниялық вундеркинд турнирдің қазіргі чемпионы.

Монакодағы “Masters” 5-12 сәуір аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 6,3 миллион еуродан асады. Индиан-Уэллс пен Майамидегі турнирлерден айырмашылығы бір апта ішінде өткізіледі. Сондықтан жарысқа 96 емес, 56 теннисші қатысады.

Жеңімпазға:

  • 1000 рейтингтік ұпай беріледі, турнир сондықтан ATP-1000 атауына ие болды
  • шамамен 974 мың еуро сыйақы беріледі

Биылғы додаға әлемдік теннистің бірқатар жұлдыздары қатысады. Олардың қатарында Янник Синнер, Даниил Медведев, Александр Зверев, Стефанос Циципас бар.

Бірақ Монте-Карлодағы жарыс бұл жолы американдық теннисшілерсіз өтеді. Хьюстондағы ATP 250-ден кейін Тейлор Фриц, Бен Шелтон, Томми Пол, Лернер Тиен, Брендон Накашима, Алекс Микельсен, Дженсон Бруксби, Рейлли Опелка және Маркос Гирон бұл турнирге келмейтін болды.

Реклама
Реклама