Александр Бублик Монте-Карлодағы турнирдің келесі айналымына өтті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:46

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP Masters санатындағы ірі турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды. 

atptour.com

Жүлде қоры 6,3 миллион еуродан асатын беделді жарыста қазақстандық теннисші екінші айналымда франциялық Гаэль Монфисті сенімді түрде жеңді. Кездесу екі сетке созылды — 6:4, 6:4.

Қазақстандық теннисші ойын барысында сенімді қимылдап, шешуші сәттерде басымдық танытты. 

Бұл матчқа дейін қос теннисші өзара үш рет кездескен. Сол ойындардың қорытындысы бойынша Гаэль Монфис 2:1 есебімен алда тұрған. Дегенмен бұл жолы қазақстандық теннисші қарымта қайтарып, Монте-Карлодағы маңызды ойында жеңіске жетті.

Александр Бублик ншінші айналымда Алехандро Табило (Чили) мен Иржи Лехечка (Чехия) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Реклама
Реклама