Қазақстандық танымал теннис жұлдызы кортпен қоштасты
Зарина Дияс кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеді.
32 жастағы теннисші өз сөзінде мансабының маңызды кезеңі аяқталғанын атап өтті. Оның айтуынша, бала кездегі әлемдік ареналарда ойнау арманы жүзеге асырылды. Зарина жанкүйерлеріне, отбасына және командасына алғыс білдіріп, теннис оның өмірінің ажырамас бөлігі болып қала беретінін жеткізді.
"Бүгін мен өмірімнің маңызды тарауларының бірін жабамын , кәсіби теннис мансабын аяқтаймын. Бұл бала кезінен әлемдік ареналарда ойнауды, турнирлерде жеңіске жетуді және әлемдегі ең үздіктердің бірі болуды армандаған Алматылық қыздың керемет жолы болды. Мен ұлттық құрамада ойнағанымды мақтан тұтамын, жанымда болғандардың барлығына рахмет! Мен мақтаныш, ризашылықпен, тенниске деген үлкен сүйіспеншілікпен кетіп барамын. Теннис менің өмірімнің бір бөлігі болып қала береді. Енді өмірімнің жаңа тарауы басталады."
Мансап жолы
Теннисші кәсіби мансабын жасөспірім шағында 14 жасынан бастап , халықаралық аренада тез танылды, карьерасында бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді:
- 2015 жылы WTA рейтингінде 31- орынға дейін көтерілді
- 2017 жылы Токиода өткен WTA турнирінде жеңіске жетті
- Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғады
Карьерасын аяқтаған сәтте спортшы WTA рейтингінде 306-орында тұр.