Елена Рыбакинаның жоқтығы жанкүйерлерді алаңдатты

Сарапшы, спорт журналисі
14.04.2026, 17:46

Қазақстанның теннис жұлдызы Елена Рыбакина Германиядағы WTA 500 Stuttgart турнирі қарсаңында жанкүйерлер назарын өзіне аударды.

tennis365.com

Рыбакинаның Штутгарттағы жоқтығы қызу талқыға түсті

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингтегі көшбасшылардың бірі Елена Рыбакина Штутгарттағы беделді турнирге бірінші нөмірлі теннисші ретінде тіркелген. Ол жарысты сәрсенбі күні бастауға тиіс болған.

Бірақ осы уақытқа дейін қазақстандық теннисші Германия корттарынан көрінбей, бұл жағдай жанкүйерлер арасында алаңдаушылық туғызды. Турнирдің әлеуметтік желідегі парақшаларында жанкүйерлер жаппай сұрақ қоя бастады.

Олар:

  • “Рыбакина келіп үлгерді ме?”
  • “Елена қайда?”
  • “Елена Рыбакинаға не болды?” деген мазмұндағы пікірлер қалдырған.

Ұйымдастырушылардың ресми жауабы

Жанкүйерлер сауалына байланысты Штутгарт турнирінің баспасөз қызметі арнайы видео жариялады. Онда Елена Рыбакинаның кортқа шығып, жаттығу өткізіп жатқаны көрсетілген.

Осылайша ұйымдастырушылар қазақстандық теннисшінің жарысқа қатысатынын ресми түрде растады. Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Пікір қалдырушылар арасында:

  • “Ақыры келді!”
  • “Біздің ханшайымымыз осында!”
  • “Рыбакинаның оралғанына қатты қуандым” деген реакциялар жиі жазылған.

Айта кетейік, Елена Рыбакина осы маусымда мансабында алғаш рет Australian Open турнирінде топ жарып, кейін әлемнің екінші ракеткасы атанды. 

Штутгарт турнирі Рыбакина үшін ерекше жарыс

Рыбакина үшін Штутгарттағы турнирдің орны бөлек. Себебі ол бұл жарыста 2024 жылы жеңімпаз атанды. Рейтингтік ұпайлар мен қомақты сыйақыдан бөлек дәстүр бойынша Porsche автокөлігін де иеленген.

Реклама
Реклама