Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирдің финалында
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында WTA 500 санатындағы беделді турнирдің финалына жолдама алды.
Андрееваны сенімді түрде жеңді
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің тоғызыншы ракеткасы, ресейлік Мирра Андреевамен кортқа шықты. Кездесу екі сетке созылып, Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Матч 1 сағат 19 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал Андреева 3 эйс, 1 қос қателік тіркеп, екі брейк-мүмкіндіктің біреуін ғана ұпайға айналдырды.
Соған қарамастан екі теннисшінің өзара кездесулеріндегі жалпы есепте әзірге Мирра Андреева алда келеді — 3:2.
Финалда кіммен ойнайды?
Енді Рыбакина шешуші матчта чехиялық Каролина Муховамен кездеседі. Мухова жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны үш сетте жеңіп шықты — 6:4, 2:6, 6:4.
Айта кету керек, Рыбакина мансабында екінші рет Штутгартта финалға шығып отыр. Бұған дейін 2024 жылы чемпион атанған еді.