Елена Рыбакина "Ролан Гарроста" сенсациялық жеңіліске ұшырады

Спорт шолушысы
27.05.2026, 21:03

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатын ерте аяқтады. 

sports.inquirer.net

Үш сетте есе жіберді

Елена Рыбакина “Ролан Гаррос-2026” турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте 55-орында тұрған Юлия Стародубцевамен кездесті. Матч үш сетке созылды. Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласына 3:6, 6:1, 6:7 есебімен жол берді.

Осылайша Рыбакина жарысты екінші айналымнан кейін аяқтады. 

Турнирді сенімді бастаған

Рыбакина Франция ашық чемпионатын сәтті бастаған. Бірінші айналымда словениялық Вероника Эрьявецті еш қиындықсыз жеңді – 6:2, 6:2. Бірақ екінші айналымда күтпеген нәтиже тіркелді.

Қазақстандық теннисшінің Франция ашық чемпионатындағы ең үздік көрсеткіші — ширек финал. Рыбакина бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары дейін жеткен. Биыл сол нәтижесін қайталай алмады.

Реклама
Реклама