Қазақстандық теннисші Словакиядағы турнирде финалға шықты

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 18:30

Александр Шевченко Братиславада ATP Challenger 100 санатындағы жарыстың жартылай финалында жеңіске жетті.

фото ашық дереккөздерден алынды

Шевченко украиналық қарсыласын екі сетте ұтты

Александр Шевченко жартылй финалда әлемдік рейтингтің 215-сатысындағы украиналық Виталий Сачкомен кездесті.

Шевченко матч барысында өз ойынын сенімді жүргізіп, қарсыласына айтарлықтай мүмкіндік берген жоқ. Бірінші сетте 6:4 есебімен басым түссе, екінші партияда да қарқынын бәсеңдетпей 6:3 нәтижесімен жеңіске жетті.

Осылайша Шевченко Братиславадағы турнирдің финалына жолдама алды.

Финалда кіммен ойнайды?

Енді Александр Шевченко шешуші матчта италиялық Федерико Чина мен жапониялық Таро Даниэль арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Федерико Чина ATP рейтингінде 185-орында, ал Таро Даниэль 293-сатыда тұр.

Финалға шығу арқылы қазақстандық теннисші өзіне кемінде 50 ATP рейтингілік ұпайын қамтамасыз етті. Сондай-ақ қомақты көлемдегі жүлде қорын да еншілейді.

Егер Александр Шевченко Братиславадағы турнирде чемпион атанса, ол 100 рейтингілік ұпай және 23 750 доллар көлемінде сыйақы алады.Турнирдің жалпы жүлде қоры 160 680 долларға тең.

Реклама
Реклама