Финалда сүрінген Александр Бубликтің ATP рейтингіндегі орны жарияланды

Футбол шолушысы
Бүгін, 12:10

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы жаңартылған әлемдік рейтингіні жариялады. Қазақстандық Александр Бублик Аустриядағы ATP 250 турнирінің финалынан кейін де 11-орында қалды.

Meta-ratings.kz

ATP жекелей сындағы жаңартылған рейтингін ұсынды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік тізімдегі орнын сақтап қалды.

Бублик 2525 ұпаймен 11-орында тұр

Александр Бублик ATP рейтингінде 2525 ұпаймен 11-сатыда қалды.

Өткен аптада қазақстандық теннисші Аустрияның Кицбюэль қаласында өткен ATP 250 турнирінде финалға дейін жетті. Шешуші кездесуде ол Франция өкілі Кантен Алиске есе жіберді.

Финалдық матч 4:6, 6:7 есебімен аяқталды. Екінші сеттегі тай-брейкте Бублик 6:8 есебімен жеңілді.

Әлемдік тізімнің көшбасшылары өзгерген жоқ

  • ATP рейтингінің бірінші орнын италиялық Янник Синнер сақтап қалды. Оның еншісінде 13450 ұпай бар.
  • Екінші орында Германия өкілі Александр Зверев тұр. Ол 8480 ұпай жинаған.
  • Үздік үштікті испаниялық Карлос Алькарас түйіндеді. Оның көрсеткіші — 8160 ұпай.

Шевченко бес саты төмендеді

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко жаңартылған рейтингте төмен сырғыды. Ол бес позиция жоғалтып, 699 ұпаймен 89-орынға жайғасты.

Реклама
Реклама