Арина Соболенко әйелдер теннисіндегі жаңа ережені қолдады
Әлемнің бірінші ракеткасы әйелдер арасындағы жарыстарға қатысу үшін міндетті генетикалық тексеру енгізуді әділ шешім деп санайды.
Беларусь теннисшісі Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) спортшыларға арналған міндетті гендерлік тестілеу енгізу туралы шешіміне қолдау білдірді. Теннисші биологиялық айырмашылықтарды ескеру маңызды екенін, егер барлық теннисшілерден осындай тексеру талап етілсе, одан өтуге дайын екенін айтты.
“Биологиялық тұрғыдан ер адамдар әйелдерге қарағанда әлдеқайда күшті. Егер әйелдер биологиялық ер адамдармен жарысса, бұл әділетсіз болар еді. Оларға (WTA) мұндай шешім қабылдау үшін уақыт қажет болған шығар, бірақ мен оны қолдаймын. Егер бәріміз тест тапсыруымыз керек болса, мен оны қуана жасаймын. Бұл әділ шешім деп ойлаймын”, – деді Соболенко.
Қазір 28 жастағы Арина Соболенконың еншісінде WTA турнирлерінің 24 титулы бар, теннисші әлемдік рейтингте бірінші орында тұр.
Бұған дейін WTA 20 шілдеден бастап турнирлерге қатысатын спортшылар үшін SRY генін бір рет тексеру талабын енгізгені белгілі болған. Жаңа ереже әйелдер арасындағы жарыстардың әділдігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.