Жарнама
Жарнама

Александр Бублик US Open турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама алды.

Александр Бублик US Open турнирін жеңіспен бастады
ҚТФ

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған қазақстандық теннисші US Open турнирінің бірінші айналымында америкалық Джеффри Джон Вульфпен кездесіп, 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен басым түсті. Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды.

Бубликтің келесі қарсыласы аргентиналық Тьяго Агустин Тиранте (ATP №42) мен француз Адриан Маннарино (ATP №67) арасындағы матчтан кейін анықталады.

Биыл ашық чемпионаттың жекелей сындағы жеңімпазы 5,5 миллион доллар және 2000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Жарнама
Жарнама