Жарнама
Жарнама

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam финалында өзбек дзюдошысын жеңді

Қазақстандық дзюдошы Лозаннада Grand Slam турнирінің чемпионы атанды.

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam финалында өзбек дзюдошысын жеңді
instagram/@kaz_judoteam

Финал тағдырын бір әдіс шешті

Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен кездесті.

Тартысты белдесудің нәтижесін қазақ дзюдошының "юко" ұпайына бағаланған әдісі шешті. Жұбаназар осы басымдығын соңына дейін сақтап, жеңіске жетті.

Бұл – Қызылорда облысының өкілі Абылайхан Жұбаназардың мансабындағы Grand Slam санатындағы алғашқы алтын медалі.

Жұбаназардың финалға дейінгі жолы

Дзюдошы Лозанна татамиінде барлық қарсыласынан басым түсті:

  • 1/64 финал: Петр Млади (Чехия) – иппонмен жеңіс;
  • 1/32 финал: Владислав Колобов (Украина) – екі вазари арқылы жеңіс;
  • 1/16 финал: Заур Двалашвили (Грузия) – иппонмен жеңіс;
  • ширек финал: Егор Сухопаров (Ресей) – юкомен жеңіс;
  • жартылай финал: Георгий Эльбакиев (БАӘ) – юкомен жеңіс;
  • финал: Арслонбек Тожиев (Өзбекстан) – юкомен жеңіс.

Осылайша,Абылайхан Жұбаназар Лозаннадағы беделді додада алты қарсыласын жеңіп, Қазақстан құрамасына турнирдегі алғашқы алтын жүлдені сыйлады.

Жарнама
Жарнама