Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Олимпиада чемпионы Диора Келдиорова Ақтауда татамиге оралады

Өзбекстандық дзюдошы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогына қатысады. 

Олимпиада чемпионы Диора Келдиорова Ақтауда татамиге оралады
instagram.com/diyora_keldiyorova/

Жарыс 17–18 қазанда Ақтаудағы "Халық Аренада" ұйымдастырылады. Олимпиада чемпионының турнирге қатысатынын Қазақстан дзюдо федерациясы Instagram парақшасында ресми мәлімдеді.

Диора Келдиорова 2024 жылы 28 шілдеде Париж Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. 

Осы жетістігінен кейін дзюдошы бала тууына байланысты ұзақ үзіліс жасап, кейінгі ірі жарыстарға қатыспады. Енді Ақтаудағы турнирде қайта бақ сынайды.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?