Аида Тойшыбекова Grand Slam жүлдесіне бір қадам жақындады
Қазақстандық дзюдошы Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жұбаныш белдесуіне жолдама алды.
Екі қарсыласын жеңді
78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Аида Тойшыбекова жарысты сәтті бастады. Алғашқы белдесуінде анголалық Фернанда Куимбирадан басым түсті. Ал келесі айналымда өзбекстандық дзюдошы Умида Нигматованы жеңіп, ширек финалға өтті.
Тойшыбекова үшінші белдесуінде Франция құрамасының танымал өкілі Романа Дикомен кездесті. Тартысты жекпе-жек франциялық дзюдошының жеңісімен аяқталды. Соған қарамастан қазақстандық арудың Лозаннадағы Grand Slam турнирінен жүлде алу мүмкіндігі сақталды.
Қола медаль жолындағы қарсыласы анықталды
Аида Тойшыбекова жұбаныш белдесуінде венесуэлалық Карен Леонмен күш сынасады. Бұл кездесудегі жеңіс қазақстандық дзюдошыға қола жүлде үшін өтетін шешуші белдесуге жол ашады.
Айта кетейік, Аида Тойшыбекова бұған дейін самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.