Әлемнің үздік дзюдошылардың бірі Қазақстан чемпионатында сенсация тіркеді
Мағжан Шамшадин Оралда өтіп жатқан ел чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.
Нұрдәулет Мейрамбеков чемпион атанды
Ерлер арасындағы 60 келіге дейінгі бәсекеде Қызылорда облысының өкілі Нұрдәулет Мейрамбеков үздік шығып, Қазақстан чемпионы атанды. Абай облысынан келген Мәди Серіков күміс медаль иеленді.
Қола жүлделер Қызылорда облысының тағы бір өкілі Мағжан Шамшадин мен Шымкент қаласының намысын қорғаған Ділшод Мыртұрсынға бұйырды.
66 келіде қызылордалық дзюдошы топ жарды
66 келіге дейінгі салмақта Ердәулет Бозжа алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлдені Батыс Қазақстан облысынан келген Нұрсұлтан Зайзағалиев иеленді.
Ақтөбелік Данияр Қалмағамбетов пен Абай облысының өкілі Есентай Имаханов қола жүлдегер атанды.
Әйелдер арасындағы жарыстың нәтижелері
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алматылық Ғалия Тынбаева Қазақстан чемпионы атанды. Ақтөбе облысының дзюдошысы Иянат Жұбатқан екінші орын алды. Түркістан облысынан келген Ұлболсын Әбдікәрімова мен маңғыстаулық Аяулым Түрдіке қола медаль иеленді.
52 келіге дейінгі бәсекеде Алматы облысының өкілі Аружан Ережепова жеңіске жетті. Маңғыстаулық Меруерт Сәрсенова күміс жүлдегер атанса, Нұрбала Зайнұл (Түркістан облысы) мен Айшабибі Мұрадимова (Батыс Қазақстан облысы) үшінші орыннан көрінді.
Қазақстан чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Елдің 20 өңірінен келген 600-ге жуық дзюдошы 14 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салып жатыр.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.