ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam "алтынынан" кейін әлемдік рейтингте күрт көтерілді

Лозаннадағы Grand Slam турнирінің финалында Абылайхан Жұбаназар Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевтен басым түсті.

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam "алтынынан" кейін әлемдік рейтингте күрт көтерілді
olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Grand Slam турниріндегі жеңісінен кейін IJF әлемдік рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты.

81 келіге дейінгі салмақта топ жарған қазақстандық спортшы бірден 14 саты жоғары көтеріліп, әлемдік рейтингте сегізінші орынға шықты.

Жұбаназар әлемдік рейтингтің топ-10 қатарына енді

Лозаннадағы Grand Slam турнирінде Абылайхан Жұбаназар алтын медаль жеңіп алды.

Финалда ол Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевтен басым түсті. Осы нәтиженің арқасында қазақстандық дзюдошының рейтингтік ұпайы 2836-ға жетіп, ол 81 келіге дейінгі салмақта 8-орынға орналасты.

Ал Тожиев те рейтингте айтарлықтай алға жылжыды. Өзбекстандық спортшы 16 саты көтеріліп, 2056 ұпаймен 18-орынға шықты.

Әділет Алмат бір орын төмендеді

Осы салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстанның тағы бір өкілі Әділет Алмат рейтингте бір саты төмендеді.

Ол қазір 81 келіге дейінгі дивизионда 20-орында тұр.

Рейтинг көшінде кім тұр?

81 келіге дейінгі салмақта IJF әлемдік рейтингінің алғашқы үштігі өзгерген жоқ.

Бірінші орында – ресейлік Тимур Арбузов. Одан кейін канадалық Франсуа Готье-Драпо мен Әзербайжан өкілі Зелим Цкаев орналасқан.

Абылайхан Жұбаназардың Лозаннадағы жеңісі оны әлемнің үздік он дзюдошысының қатарына енгізіп, алдағы ірі халықаралық жарыстар алдындағы позициясын күшейтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.