Қазақстандық дзюдошы Олимпиада чемпионын жеңді
Шерзод Давлатов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Шерзод Давлатов франциялық Лука Мхеидземен белдесті. Қазақстандық дзюдошы атақты қарсыласын сенімді жеңіп, жүлдеге бір табан жақындады.
Лука Мхеидзе — Париждегі 2024 жылғы Олимпиаданың командалық сайыс чемпионы. Ол жекелей сында финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Елдос Сметовке есе жіберген. Франциялық дзюдошының қоржынында Токио Олимпиадасының қола жүлдесі де бар.
Шерзод Давлатов Лозаннадағы Grand Slam турнирінің финалына шығу үшін оңтүстіккореялық Харим Лимен күш сынасады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.