Қазақстандық дзюдошылар командалық бәсекеде әлем чемпионы атанды
Ұлттық құрама Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында аралас командалар арасындағы жарыста алтын медаль жеңіп алды.
Шешуші белдесуде қазақстандық дзюдошылар Бразилия құрамасынан 4:3 есебімен басым түсті. Финалда Қазақстан намысын Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Інжу Жұмажан (63 келіге дейін), Еркен Бекәлі (81 келіге дейін), Тоғжан Төлебай (63 келіден жоғары), Әділжан Жаудинов (81 келіден жоғары) және Иянат Жұбатқан (48 келіге дейін) қорғады.
Жеке бәсекедегі нәтиже
Әлем чемпионатының жеке сайысында Қазақстан құрамасы жалпы 10 медаль иеленді.
Алтын жүлдеге:
- Ғабит Расулхан - 60 келіге дейін;
- Фатима Сұпығалиева - 52 келіге дейін;
- Әділ Жаудинов - 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қол жеткізді.
Күміс медальді Әдия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) жеңіп алды. Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекәлі (73 келіге дейін) әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.