Қазақстандық теннисші АҚШ-та сенсациялық жеңіске жетті
Юлия Путинцева Нью-Йорктегі US Open турнирінің алғашқы айналымында швейцариялық Белинда Бенчичті жарыс жолынан шығарды.
Үш сетке созылған тартысты жеңіс
Қазақстан құрамасының өкілі тәжірибелі қарсыласын 2 сағат 51 минутқа созылған кездесуде үш сет қорытындысы бойынша жеңді — 4:6, 7:5, 6:3.
Путинцева алғашқы партияда есе жібергенімен, екінші сетте ойын барысын өзгерте алды. Шешуші кезеңде басымдықты толық өз қолына алған қазақстандық теннисші сенсациялық нәтижеге жетті.
Келесі қарсылас — Чжэн Циньвэнь
Путинцева US Open-2026 турнирінің екінші айналымына жолдама алды. Енді ол әлемдік рейтингте 121-орында тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі.
Айта кетейік, Путинцеваның АҚШ ашық чемпионатындағы ең үздік нәтижесі — 2020 жылы ширек финалға дейін жетуі.
Биылғы US Open турнирінің жалпы жүлде қоры 37 миллион 840 мың долларға тең. Әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисші 5,5 миллион доллар сыйақы алып, WTA рейтингіне 2000 ұпай қосады.