Соболенко US Open сыйақысының жартысынан айырылуы мүмкін

Жарнама
Жарнама

US Open-2026 финалында Арина Соболенко отандасымыз Елена Рыбакинаға 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңілген еді. 

Соболенко US Open сыйақысының жартысынан айырылуы мүмкін
bbc.com

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open-2026 турнирінде тапқан сыйақысының едәуір бөлігін салық ретінде төлеуі мүмкін.

The Mirror мәліметінше, финалда қазақстандық Елена Рыбакинадан жеңілген Соболенкоға 2,8 миллион доллар көлемінде сыйақы тиесілі.

Басылымның алдын ала есебіне сәйкес, Соболенконың турнирден түскен табысына АҚШ-та 37 пайыз федералдық салық салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, Нью-Йорк штатының шамамен 9,65 пайыздық салығы да есепке алынады. Осылайша, жалпы салық төлемі шамамен 1,3 миллион долларды құрауы мүмкін.

Мұндай жағдайда теннисшінің қолында шамамен 1,5 миллион доллар қалады. Бұл бастапқы 2,8 миллион долларлық сыйақының жартысынан сәл ғана көп.

Рыбакина рекордтық жүлдеақы алды

US Open-2026 финалында Елена Рыбакина Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші чемпиондық үшін 5,5 миллион доллар сыйақы алды.

Бұл Рыбакинаның US Open турниріндегі алғашқы чемпиондық титулы.

Жарнама
Жарнама