Атырау көшелерінде Рыбакинаның ерекше портреті пайда болды
Әлемнің бірінші ракеткасы атанған қазақстандық теннисшінің ерекше бейнесі Атыраудағы автокөліктердің бірінен көрінді.
Рыбакинаның портреті көлік әйнегіне салынды
Атырау тұрғыны Аслан Жазықов Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингтің көшін бастағанын ерекше туынды арқылы дәріптеді. Сурет салуға әуес шебер теннисшінің портретін өз көлігінің артқы әйнегіне бейнелеген. Композицияда Рыбакинаның суретімен қатар "Елена Рыбакина – №1 чемпион. Әлемнің бірінші ракеткасы" деген жазу да бар.
Көлік әйнегіндегі портрет әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.
Бұған дейін де спортшылардың бейнесін салған
Аслан Жазықов Қазақстанға танымал тұлғалар мен ел назарын аударған маңызды оқиғаларды көлігінің әйнегіне сурет арқылы түсірумен бұрыннан айналысады. Оның ерекше туындыларының қатарында қазақстандық футболшылар Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбековтың де портреттері болған.
Осылайша атыраулық суретші ел спортындағы елеулі жетістіктерді өзіндік шығармашылық тәсілмен көпшілікке ұсынып жүр.
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Еске салайық, 14 қыркүйекте Елена Рыбакина ресми түрде WTA әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Қазақстандық теннисші рейтинг көшбасшылығында беларусьтік Арина Соболенконы басып озды.
Бұған дейін 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні Рыбакина US Open турнирінің чемпионы атанған еді. Бұл нәтиже қазақстандық теннис тарихындағы маңызды жетістіктердің біріне айналды.