Еркебұлан Тоқтар жазаға тартылды

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық ММА файтері қоғамдық орында былапыт сөз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еркебұлан Тоқтар жазаға тартылды
vesti.kz

434-бап бойынша кінәлі деп танылды

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты спортшыны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша кінәлі деп таныды. Алматы прокуратурасының мәліметінше, әлеуметтік желілерді тексеру барысында Еркебұлан Тоқтардың бейәдеп сөздер қолданған видеосы анықталған.

"Танымал болу жауапкершіліктен босатпайды. Алматы прокуратурасы әлеуметтік желілерден белгілі ММА файтері Еркебұлан Тоқтардың балағат сөздер айтқан видеосын анықтады. Сот қаулысымен ол 434-бап бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Сот қандай жаза тағайындады?

Сот Еркебұлан Тоқтардың әрекетін ұсақ бұзақылық ретінде бағалаған. Нәтижесінде спортшыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Оқиға Астанада өткен IBA Nomad турнирінен кейін болған. Сол жарыста Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық Бобиржон "Испанчик" Исроиловты мерзімінен бұрын жеңген еді. Кейін баспасөз мәслихатында қазақстандық спортшы Өзбекстанның тағы бір өкілі Огабек Абдумуминовпен сөзге келіп қалды.

Камералар мен журналистердің алдында өткен сөз таласы кезінде Тоқтар қарсыласының атына былапыт сөздер айтқан.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерге тарап, кейін прокуратураның назарына іліккен. Құзырлы орган осы материал негізінде тексеру жүргізіп, іс әкімшілік сотқа жеткізілген.

Жарнама
Жарнама