Оңтүстік Корея астанасындағы жарыс келесі аптада басталады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Сеулде өтетін WTA-500 турниріне қатыспайтын болды. Бұл туралы Ubi Tennis хабарлады.
16-22 қыркүйек аралығы өтетін жарысқа Рыбакинаның орнына қытайлық спортшы Чжан Шуай қатысады.
Айта кетейік, биылғы маусымда Елена Рыбакина бірнеше ірі додалардан тыс қалуды жөн деп шешті. Бұған дейін әлемнің төртінші ракеткасы US Open турнирінің екінші айналымында жарыс жолынан шығып қалған еді. Оған отандасымыздың жарақат алуы себеп болды.