Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңді

Редактор Penalty.kz
09.10.2024, 12:13

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. 

Liter.kz

Қытайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Юлия Путинцева әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичпен кездесті. 

Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Векич есе қайырды – 6:3. Шешуші сетте Юлия 5:3 есебімен матчқа доп берді. Алайда отандасымыз  мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Екі сағат жарым уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Путинцева 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Векич 2 эйс, 6 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін енді ол әлемнің екінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен  шеберлік байқасады.