Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қытайдағы турнир қазақстандық теннисшілер үшін сәтті басталды

Редактор Penalty.kz
09.10.2024, 11:34

Отандасымыз бірінші айналымда қытайлық Чжан Шуайды жеңді. 

almaty.tv

Қытайдағы турнир қазақстандық теннисшілер үшін сәтті басталды. Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева жекелей сында дүниежүзілік рейтингіде 250-орында тұрған қытайлық Чжан Шуайды 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен шеберлік байқасады.

Жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина да ресейлік Ирина Хромачевамен бірге екінші айналымға өтті. Қазақстандық-ресейлік жұп бастапқы кездесуінде жапониялық Макото Ниномия – ресейлік Яна Сизикованы жолдан тайдырды – 6:4, 6:0.

А.Данилина – И.Хромачеваның келесі қарсыластары – испаниялық Кристина Букша – румыниялық Моника Никулеску.