Рыбакина бақ сынайтын WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылды

Редактор Penalty.kz
30.10.2024, 09:24

Қазақстанның бірінші ракеткасы күлгін топқа түсті

runasport.com

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) 2-9 қараша аралығында өтетін WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина күлгін топқа түсті.

Оның қарсыластары:

Арина Соболенко (Беларусь, 1);
Жасмин Паолини (Италия, 4);
Чжэн Циньвэнь (Қытай, 7).

Ал қызғылт-сары топта мына теннисшілер бақ сынайды:

Ига Швёнтек (Польша, 2);
Кори Гауфф (США, 3);
Джессика Пегула (США, 6);
Барбора Крейчикова (Чехия, 8).

Топ жеңімпазы жартылай финалда келесі топта екінші орын алған теннисшімен кездеседі. 

Жалпы, биылғы турнирдің жүлде қоры рекордтық көлемде белгіленді – 15,25 млн АҚШ доллары. 

Айта кетейік, отандасымыз қорытынды додаға екінші рет қатыспақшы. Былтыр Канкунда (Мексика) үш матч өткізіп, грекиялық Мария Саккаридан басым түскенімен, кейін Джессика Пегула мен Арина Соболенкоға жол берді.