Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық теннисші үздіктер қатарына қосылды

Сарапшы, спорт журналисі
11.11.2024, 17:44

WTA-ның жаңа рейтингінде отандасымыз бірден 40 сатыға жоғарылады. 

BasSport.kz
Реклама
Реклама

19 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова алғаш рет WTA рейтингінің топ-1000 қатарына қосылды. Отандасымыздың мұндай жетістікке жетуіне Өскеменде өткен ITF W15 турнирінде сәтті өнер көрсетуі себеп. Аружан финалға дейін жетіп, 23 рейтингтік ұпай еншілеген болатын.

Соның арқасында Аружан Сағандықова әлемдегі үздік 1000 теннисшінің қатарына қосылған сегізінші қазақстандық атанды. Айта кетейік, бүгінде бұл тізімде Елена Рыбакина (6-орын), Юлия Путинцева (29-орын), Жібек Құламбаева (328-орын), Зарина Диас (383-орын), Соня Жиенбаева (633-орын), Анна Данилина (895-орын) мен Сандуғаш Кенжебаева (904-орын) бар.

Өткен маусымда жас теннисші Билли Джин Кинг Кубогының финалдық матчтарына қатысу үшін Қазақстан құрамасы сапына шақырылған болатын. Ал екі жыл бұрын Аружан Сағандықова Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің 3-ші айналымына өтті. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары