Биыл Рыбакина $4 млн табыс тапқан
13.11.2024, 12:12
Осылайша үздік ондық қатарынан көрінді.
olympic.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның 2024 жылы қанша табыс тапқаны белгілі болды. Отандасымыз биыл 3 876 915 доллар тапқан. Бұл туралы Forbes басылымы хабарлады.
Соның арқасында Рыбакина ағымдағы жылы табысы ең көп болған 10 теннисшінің қатарына кірді.
Айта кетейік, Елена жарақатына байланысты теннис маусымының 2,5 айын өткізіп алды. Қорытынды турнирде ол үш кездесудің екеуінде қарсыласқа есе жіберіп, топтан шыға алмай қалды. Бұдан бөлек, Елена WTA-ның жаңартылған рейтингінде алғашқы бестіктен төмен сырғып, 6-орынға жайғасты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама