Қазақстандықтар Australian Open турниріне бара алмайды

Редактор Penalty.kz
06.12.2024, 23:25

Қазақстандық теннис жанкүйерлері Australian Open-2025 матчтарына бару үшін билет сатып ала алмайды.

dzen.ru

Австралия ашық чемпионаты 12-26 қаңтар аралығында Мельбурнде өтеді. Дереккөздің хабарлауынша, ұйымдастырушылар телефон нөмірлері +7 кодынан басталатындарға билеттерді сатып алуға тыйым салған. Егер пайдаланушылар өз нөмірлерін осы кодпен енгізсе, онда тапсырыс беру мүмкін болмайды. Себебі ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кодты қолданатын аймақ бұғатталған.

Осылайша Ресей мен Қазақстан тұрғындары өздерінің телефон нөмірлерін пайдаланып матч билеттерін сатып алу мүмкіндігінен айырылады. Ұйымдастырушылар Ресейде сатуды шектеуге тырысып, бірақ ұқсас кодқа байланысты Қазақстанды бөле алмаған болар. 

"Қазақ қолданушыларының жағдайды түзету туралы сұрауларына жарысты ұйымдастырушылар проблеманы шеше алмайтындарын мәлімдеді. Өйткені +7 кодын ашқан жағдайда сатып алуларға тек Қазақстаннан ғана емес, Ресейден де төлей алады", - деп жазады “Чемпионат”. 

Айта кетейік, Australian Open-2025 турниріне Қазақстан атынан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик пен Александр Шевченко қатысады.