Жібек Құламбаева Үндістандағы финалға шыға алмады
14.12.2024, 14:00
Қазақстандық теннисші, әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Солапур (Үндістан) ITF W35 турнирінің финалынан тыс қалды.
baq.kz
Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 924-орында тұрған таиландтық Буньяви Тамчайватпен шеберлік байқасып, қарсыласына есе жіберді.
Бірінші сетте Таиланд өкілі айқын басымдылық танытты. Есеп - 6:1. Екіншісінде Жібек 4:0 есебімен алға шыққан. Бірақ сол басымдылықты ұстап тұра алмай, қатарынан алты геймді қарсыласына берді - 4:6.
Матч бір жарым сағатқа созылды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама