«Бәрін өшірдім – болды!»: Путинцева Олимпиададан бас тартқаннан кейінгі хейт туралы не айтты?

Редактор Penalty.kz
25.12.2024, 08:57

Әлемнің 29-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқаны үшін әлеуметтік желілерде өзін сынаған жазбалар жөнінде ой бөлісті, деп хабарлайды Penalty.kz Championat.com-ға сілтеме жасап

sportx.kz

— Сіздің бас тартуыңызға байланысты қандай пікірлер болды? Күтпеген жағдай еді: сіз де, Рыбакина да ойнай алмадыңыздар.
— Лена туралы ештеңе білген жоқпын. Екеуміз де сөйлеспедік, тіпті жұптық сында бірге шығуды ұсындым, бірақ ол қатыспайтынын айтты. Шевченкомен микст туралы да ой болған, кейін бәрі тоқтап қалды. Егер қатыссам да, тек жекелей сында ғана өнер көрсете алатынымды түсіндім, сол себептен микст идеясынан бас тартуға тура келді, ақыры мүлде ойнай алмадым.

Иә, әлеуметтік желілерде біраз теріс пікір айтылды, бірақ мен телефонды өшіріп тастадым да, мәселені солай шештім. Бір аптадай желіге кірмедім. Кейін кіріп, барлық кіріс хаттарды өшіріп тастадым – сонымен болды.

— Федерация сізбен байланысқа шықты ма?
— Иә, олар қолдан келген көмегін аямады, менің Олимпиадаға дейін қалпыма келуім үшін бәрін жасады. Біз соңына дейін бәрі оңалады деп үміттендік, Парижге барғанымда жағдайым сәл жақсарғандай көрінді.

Бірақ бір сәтсіз жаттығудан кейін жарақаттың тым ауыр екенін түсіндім. Сол сәтте кортқа шығып кетсем, жыл соңына дейін денсаулығымды қиындатып алам ба деп қорықтым, тіпті одан да сорақы жағдай болуы мүмкін еді. Бірнеше гейм ғана ойнап, кейін мүлде бас тартқаннан ешкімге пайда жоқ деп шештік, — деп мәлімдеді Путинцева YouTube-тағы «Лучший теннисный подкаст» эфирінде.