Юлия Путинцева Брисбендегі турнирдің үшінші айналымында
31.12.2024, 11:20
Әлемнің 29-шы ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлий Путинцева Австралияның Брисбен қаласындағы WTA 500 турнирінің екінші айналымында америкалық Маккартни Кесслермен (67-орын) шеберлік байқасты.
check-point.kz
Путинцева қарсыласынан қос партияда 6:2, 7:5 есебімен басым түсті. Енді үшінші айналымда белоруссиялық Арина Соболенкомен сынға түседі.
Дәл осы турнирде, бірақ ATP 250 санатында ерлер де бәсеке көрігін қыздырып жатыр. Өкінішіке қарай қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші айналымда-ақ сүрінді. Ол польшалық Якуб Меншиктен (6:7, 4:6) айласын асыра алмады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама