Қазақстандық Юлия Путинцева (әлемдік рейтингте №29) WTA 500 санатына жататын Брисбен (Австралия) турнирінде белорустық Арина Соболенкодан (№1) ұтылғаннан кейін күтпеген реакция білдірді
Бұл туралы әлемнің бірінші ракеткасы, Юлияны жеңген Арина Соболенко айтып берді.
«Досыңа қарсы ойнау қиын. Бірақ екеуміз де жеңіске жетуді қалаймыз. Кортта біз – қарсыласпыз, корттан тыс – достармыз. Юлия мені келесі жұмадағы туған күніне шақырған еді, бірақ матчтан кейін ол: “Сен келмейтін шығарсың”, – деді. Сонда мен: “Мен міндетті түрде саған жақсы сыйлық алып келемін, сонда ренжімейсің”, – дедім», – деп Соболенкодан “Чемпионат” порталы келтіреді.
Айта кетейік, турнирдің 1/8 финалында Арина Соболенко Юлия Путинцеваны екі сет қорытындысы бойынша – 7:6(2), 6:4 есебімен жеңді.
Еске сала кетсек, 7 қаңтарда Юлия Путинцева 30 жасқа толады.