Қазақстандық теннисші Антальядағы турнирде қатарынан үшінші рет топжарды
25.01.2025, 16:40
Сандуғаш Кенжебаева германиялық Жоэль Софи Стойермен жұптық бәсекеде ITF сериясының W15 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
фото ашық дереккөздерден алынды
Финалдық кездесуде Сандуғаш пен Жоэль қазақстандық Асылжан Арыстанбекова мен ресейлік Дарья Шадчнева дуэтінен басым түсті. Бірінші сет 3:6 есебімен Арыстанбекова / Шадчневаның пайдасына шешілсе, қалған екі партияда Кенжебаева / Софи Стойер 4:6, 2:10 есебімен жеңіске жете алды.
19 жастағы Кенжебаева үшін бұл Антальядағы турнирдің жұптық бәсекесіндегі қатарынан үшінші және ITF-тегі бесінші титул болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама