Дэвис кубогы. Қазақстан - Пәкістан матчы ірі есеппен басталды

Редактор Penalty.kz
01.02.2025, 16:02

Астанада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф бәсекесінде Қазақстан мен Пәкістан теннисшілері кездесті. 

vesti.kz

Әлемнің 75-ракеткасы Александр Шевченко мен рейтингі жоқ Музаммиль Муртаза бірінші болып кортқа шықты. Алғашқы сетті Шевченко 6:2 нәтижесімен аяқтаса, екіншісінде қарсыласына бар болғаны бір гейм ұтылды. Ойын бір сағат және екі минутқа созылды. 

Осылайша Қазақстан Пәкістанға қарсы 1:0 есебімен алда тұр.  

Келесі ойын Бейбіт Жұқаев (230) пен Хузайфа Абдул Рехман (рейтингі жоқ) арасында өтеді. 2 ақпанға жұптық сындағы кездесулер жоспарланған.