Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина жаңа бапкері Давиде Сангвинеттидің болатынын мәлімдеді.
Италиялық маман бұрын ресейлік Динара Сафина және америкалық Брэндон Накашимамен жұмыс істеген.
"Мен онымен бір апта әзірлік жасадым, сәл-пәл Стефаномен жұмыс істедім. Давидені бұрын аздап білетін едім. Ол бос болды, өзімен бұрыннан таныс Вуковпен кейде байланыс жасап тұратын. Әрі қарай қалай болатынын көреміз. Әзірге жұмысымызға көңілім толады", - деді Рыбакина.
2024 жылы Е. Рыбакина хорватиялық Стефано Вуковпен қош айтысты. Кейін тағы бір хорватиялық бапкер Горан Иванишевичпен келісімге келді. Қаңтардың басында қазақстандық теннисші Вуковты командасына қайта қосты.
Елена өткен айда Горанмен қарым-қатынасты тоқтатты.
Қазақстандық теннисші осы аптада Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінде былтырғы чемпиондық атағын қорғайды.