Елена Рыбакина үшін жартылай финалға шығу оңайға соқпады

Редактор Penalty.kz
06.02.2025, 21:14

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингі 5) Әбу-Даби турнирінде ширек финалдық матчын өткізді.

liter.kz

Тунис өкілі Онс Жаберге (33-орын) қарсы ойын үш сетке созылып қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп — 6:2, 4:6, 7:6.

Еленаның жартылай финалдағы қарсыласы швейцариялық Белинда Бенчич (157-орын) болады.

Айта кету керек, Рыбакина Әбу-Даби турнирінің былтырғы чемпионы саналады. Биылғы жеңімпаз 164 000 доллар және 500 рейтингтік ұпайға ие болады.