Ширек финалға өту үшін отандасымыз енді италиялық теннисшімен күш сынасады.
Әлемнің 110-ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Бахрейнде өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз бірінші кездесуінде әлемдік рейтингіде 427-орында тұрған ресейлік Евгений Карловскийден басым түсті.
Кукушкин 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Матч бір сағат 11 минутқа созылды.
Михаил Кукушкин енді ширек финалға шығу үшін рейтингіде 240-сатыдағы италиялық Андреа Вавассоримен шеберлік байқасады.