Елена Рыбакинаның жарақаттарына бапкері себепкер. Оған қандай жаза қолданылды?

Редактор Penalty.kz
12.02.2025, 12:12

Британдық The Athletic басылымы Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бапкері, хорват Стефано Вуковқа қатысты Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) тергеуінің аяқталғаны туралы жариялады. 

championat.com

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Вуков бір жылға дисквалификацияланды. Тергеу нәтижесінде оның Елена Рыбакинаға психологиялық және физикалық қысым көрсеткені, соның салдарынан спортшының денсаулығына үнемі зақым келгені анықталған. Вуков қазақстандық теннисшіні "ақымақ" деп атап, "онсыз Елена Ресейде картоп теріп жүрер еді" деген пікірлер айтқан. Сонымен қатар Australian Open турнирі кезінде Вуков пен Рыбакинаның Мельбурнде бір бөлмеде тұрғаны хабарланды.

2024 жылы Рыбакина Вуковпен жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді. Кейінірек, Стефаноның WTA-да этика кодексін бұзғаны үшін қызметтен шеттетілгені белгілі болды. Осы кезеңде Елена WTA финалдық турниріне дейін бапкерсіз қалып, кейіннен оның жаттықтырушысы Горан Иванишевич болды. Бірақ 2025 жылдың қаңтарында Рыбакина Вуковты қайтадан өз командасына қосты, ал қаңтар айының соңында Иванишевичпен серіктестігі аяқталды.

Қазір Елена Рыбакинаны италиялық маман Давиде Сангвинетти баптап жүр.